«Н.ОҢДАСЫНОВ – ТІЛ ЖӘНЕ САНА КЕҢІСТІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • 24.10.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры ф ғ.к., профессор Ислам Жеменей  студенттермен – «Н.Оңдасынов – Тіл және сана кеңістігі» тақырыбында кездесу өткізді. 

Ислам Жеменей филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда түркі әлемінің тыныс тіршілігі және өткен тарихына тоқталып, болашақ жайлы тың ойларымен бөлісті. 

Сонымен қатар, Нұртас Оңдасыновтың тау тұлғасы мен ел дамуы жолындағы ерен еңбектерін тарқата айтты. Қазақ жерінде білім-ғылымды көркейтіп, жоғары оқу орындарын ашуға қосқан үлесі туралы баяндады.

Студенттер ғалымның маңызды пікірін тыңдап, ой қазыналарын кеңейтті. 

Кездесу соңында Ислам Жеменей Абайдың «Қара сөздер» кітапшасын Қазақ филологиясы кафедрасына сыйға тартты. Ал, білімгерлерге осы құнды сөздерді міндетті түрде оқып, рухани азық алуға кеңес берді.