Бүгін Жаратылыстану ғылымдары факультетінде – «Оқыту және бағалауда жасанды интеллект технологияларын қолдану әдістемесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Негізгі мақсат – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын педагогтардың тәжірибесінен теория мен практиканы ұштастыра отырып, оқыту процесінде қолданудың әдістемелерін талдау.
Математика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Д.Қошанова ұйымдастырған жиында маңызды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда: «Жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде, мұғалімнің жұмысын өзгертудегі рөлі», «Жасанды интеллект технологияларын қолдану алаңдарының кеңеюі», «ЖИ технологиялары мен мұғалімдердің үйлесімі арқылы білім алушылардан жақсы нәтижелерге қол жеткізу» сынды өзге де тақырыптар айтылды.
Жиын соңында қатысушылар жасанды интеллект технологияларына қатысты пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.