УНИВЕРСИТЕТ ПРОФЕССОРЫ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен университетіміздің оқытушысы, профессор, журналист, сазгер, бірнеше танымал әндердің авторы Бекжігіт Сердәлі мемлекеттік наградамен марапатталды.
Түркістанда Республика күніне арналған «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы өтті.
Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ұлық мерекеге орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді тұлғаларға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Марапат иелерінің қатарында университетіміздің профессоры Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы да болды. Өңір басшысы оқытушымыздың кеудесіне “Ерен еңбегі үшін” медалін тақты.
Университет ұжымы атынан Бекжігіт Кенжебекұлын құттықтаймыз және жұмысына табыс тілейміз!