ЕРҒАЛИ ОРАЗБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

Жарыстың ашылу салтанатына оқытушы-профессорлар мен студенттер және Ерғали Оразбаевтың отбасы мүшелері мен бауырлары қатысты.
Ерғали Оразбаев – 2002-2023 жылдары университетімізде қауымдастырылған профессор қызметін атқарған ардагер ұстаз. 50-ден астам ғылыми, оқу бағыттары бойынша еңбектің авторы. Талай шәкіртті спортқа баулып, дәріс берген ардақты оқытушы.
Турнирдің мақсаты – студенттерді адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарап, олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жиында сөз бастаған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов:
«Бүгінгідей турнирлерді өткізу бір жағынан жақсы іс болғанымен, екінші жағынан «Әттең-ай!» дейміз. Ерғали Оразбаев ағайымыздың арамыздан ерте кеткені жанымызға батады. Бүгін, міне, әріптестері мен туыстары және студенттері еске алу турирін өткізуі ұстазға көрсеткен үлкен құрмет деп білеміз! Біз ұстаздың есімін ардақтап, ешқашан ұмытпаймыз!»,-деді.
Келесі кезекте, марқұмның інісі де өзінің ізгі тілегін арнап: «Ағамызды еске алу мақсатында жыл сайын осындай турнир өткізу дәстүрге айналады деп сенеміз. Осы ойынды өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушыларға және кафедра ұжымына алғыс айтамыз! Қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!»,-деді.
Айта кетейік, Ерғали Оразбаев волейболшы болғандықтан, осы спорт түрінен турнир ұйымдастырылды. Спорттық дода да 9 факультет пен «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледж командалары өзара бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша Кентау командасы 1-орынды жеңіп алды. Ал, 2-орынды Спорт және өнер факультеті иемденсе, «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжі 3-орынға табан тіреді.
Жеңімпаз атанған командаларды шын жүректен құттықтаймыз!