СТУДЕНТІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
.jpg)
25 боксшымыз сынға түскен айтулы бәсекеде Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Еліміз 6 алтын,1 күміс,10 қоланы қанжығасына байлады.
Спорттық додада бақ сынаған студентіміз Өнер Сейілхан 71 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Ал, бұрымды боксшымыз Шұғыла Нәлібай 75 кг салмақта қолғап түйістіріп, қола жүлдені жеңіп алды.
Еліміз бен оқу орданың атын асқақтатқан спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!