ҒАЛЫМДАР ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ СЫРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

  • 08.02.2024
  • KZ

image

Бүгін Алматы қаласында «Cosmic Rays: From Dark Matter to Cosmic Radiation» (Ғарыш сәулелері: қараңғы материядан ғарыштық сәулеленуге дейін) атты конференция өтті.

Жиынға университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Пейами Баттал, ҰҒА-ның вице-президенттері: профессор Асқар Жұмаділдаев пен профессор Ләззат Ералиева және Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының директоры Тынық Ыдырысова және т.б. ғалымдар қатысты.

Ал конференцияның басты спикері — Түркия Республикасы Таяу Шығыс техникалық университетінен арнайы келген профессор, доктор Мелахат Білге Деміркөз болды. Ол басқосуда көтерілген тақырып аясында маңызды баяндама жасады.

Жиында қатысушылар бір-бірімен ой алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, іс-шара Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.