Оқу ордамызда Халықаралық ISO 9001:2015 стандарттарының талаптарына сәйкес, Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының ұйымдастыруымен ішкі аудит басталды.
Бүгін ішкі аудиттің ашылу жиналысы өтті. Мәжілісте ішкі аудиттің мақсаты, қызметі, миссиясы, ерекшеліктері, аудит бағдарламасы мен мерзімдері, аудиторлар тобы мен топ жетекшілері таныстырылды.
Ішкі аудиттің жүргізілуіне Сапа бойынша басшылық өкілі жетекшілік жасайды. Университеттегі барлық құрылым бойынша ішкі аудитті жүргізуге 19 аудитор қатысады.
Сапа аясында анықталған мақсаттардың университетіміздің Даму бағдарламасымен сәйкестендірілуі басты назарға алынады. Сондай-ақ, аудит барысында жоспарланған үдерістердің орындалуын қадағалау және оларға жүйелі мониторинг жүргізу маңызды. Ішкі аудитте құжаттардың басқарылуын, өлшеу мен талдау үдерістерін жетілдіруін де қарастырады.
Сонымен қатар, барлық қызметкерлер үшін жоғары оқу орнындағы қызметтерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзекті заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, ішкі нормативтік құжаттардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Аудиторлар аудит жүргізу барысында планшет пен бақылау тізім парақтарын қолданады. Университетте жүзеге асырылып жатқан нәтижелілікті ұдайы жақсарту бойынша жұмыстардың барысы, тұтынушылардың қанағаттандырылу деңгейі мен осы көрсеткіштердің үздіксіз жақсаруына арналған талдау ақпараттары назарға алынады.
Университетімізде ішкі аудит үдерісін ұйымдастыру және оның мақсаттарын тиімді іске асыру маңызды қадам болып табылады.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы