«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖОЛЫНДА – ДҰРЫС ЖОЛДЫ ТАҢДА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 12.11.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда «Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңда» атты семинар өтті. Жиынды Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ұйымдастырды. Мамандар нашақорлық пен маскүнемдіктің адам өміріне қауіпін насихаттау және СПИД-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-ның басшылары мен мамандары, дәрігер-наркологтар және 1-2 курс студенттері қатысты.

Семинарда сөз бастаған Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Дәурен Рыскелдиев:

«Бүгінгі іс-шара – жыл сайынғы үрдіске айналған, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз – АИТВ инфекциясының алдын алу. Жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт беру.

Бұл инфекцияның алдын алуға шақырамыз! Әр адамның денсаулығы – өз қолында. Жастарды, сіздердің жақындарыңызды жылына бір рет инфекцияға қарсы тексеруден өтуге шақырамыз!»,-деді. 

Келесі кезекте, мамандар қоғам дертіне айналған нашақорлық пен маскүнемдік дерттері туралы тың ақпараттар берді. Адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі жөнінде ақыл-кеңестерін айтты. Аталған дерттерге қарсы күрес пен емдеу жолдары айтылды.

Сондай-ақ, студенттер мен ерікті азаматтар АИТВ инфекциясына тексерілу үшін тегін экспресс-тестілеу тапсырды. Айта кетейік, жедел тест нәтижесін 20 минуттан кейін алуға болады.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.