УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 21 СТУДЕНТІ ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА АТТАНДЫ

  • 08.02.2024
  • KZ

image

Бүгін Теология факультетінің 21 студенті Түркия Республикасына 1 семестрге оқуға кетті.

Атап айтқанда, 12 студент – Sivas Cumhuriyet университетінде, 9 студент –19 Mayıs университетінде алдағы 6 ай білім алады. Студенттер үшін берілген бұл мүмкіндік тек оқумен шектелмейді. Олар жаз мезгілінде 3 ай бойы Түркияның Самсун қаласындағы 19 Mayıs университетінде өндірістік-практикадан өтеді.

Ілім-білім сапарына шыққан студенттерді Шымкент әуежайынан шығарып салуға ата-аналары мен оқу орда оқытушылары арнайы барып, ақ жол тіледі.

Айта кетейік, студенттер жатақханамен толықтай қамтамасыз етілді. Одан өзге де шығындары Түркиялық демеушілер тарапынан өтеледі.