«ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE: DEANS' SCHOOL»: АУҚЫМДЫ ЖОБАНЫҢ КЕЗЕКТІ МОДУЛЬДЕРІ ӨТТІ

Бұл кезеңде қатысушылар «Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару» және «Өзгерістер жағдайында көшбасшылық және басқару» модульдері бойынша біліктілік арттырды.
Іс-шараны Назарбаев Университетінің академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-проректоры Аида Сағынтаева ашып, Қазақстанның 33 жоғары оқу орнынан келген 78 тыңдаушыларды қарсы алды. Ол бағдарламаның жалпы бағытын айқындап, білім беру саласындағы стратегиялық басқарудың маңыздылығын және университеттерді трансформациялаудағы көшбасшылардың рөлін атап өтті. Бұдан әрі модульдер бойынша бекітілген спикерлер өз тақырыптары аясында баяндама жасап, білімін бөлісті.
Университетіміз ауқымды бағдарламаны ұйымдастырушылардың бірі ретінде елордада өтіп жатқан модульдердің сапалы және тың ақпараттарды қамтуына өзіндік үлесін қосқанын атап өтеміз.
Халықаралық оқу орнымыздың арнайы шақыртуымен Түркиядағы Коджаэли денсаулық және технологиялар университетінің ректоры Музаффер Эльмас декандар мектебіне спикер болды. Ол сыртқы аудитке жұмыстары, білім беру бағдарламаларының жетістігі мен жетілдіруге бағытталған өзгерістер, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталған анализдер бойынша мазмұнды баяндама жасап, стратегиялық көшбасшылықтың қыр-сырын айтты.
Сонымен қатар, университетіміздің Журналистика кафедрасының доценті, ғалым, журналист Молдияр Ергебеков те медиа және коммуникация саласындағы тәжірибесін бөлісіп, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесудің заманауи тәсілдеріне назар аударды.
Айта кетейік, қазіргі таңда оқу орнымыздың 7 ғалымы «Academic Leadership Institute: Deans' School» бағдарламасына қатысып, біліктіліктерін арттырып жатыр.