ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ИДЕЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ ӨТТІ

  • 15.11.2024
  • KZ

image

Университетімізде бастау алған «Тұрар Рысқұлов және Түркістан идеясы» атты халықаралық конференциясының панельдік сессиясы өтті.

Панельдік сессияда Қазақстандық және шетелдік академиктер мен ғалымдар Тұрар Рысқұловтың тау тұлғасын, өнегелі өмірі мен ел үшін сіңірген еңбектері жайлы түрлі тақырыпта тың баяндамалар оқыды.

Жиында профессор, Жокорку Кенеш экс-спикері Зайнидин Курманов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразалы Сәбден, Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының директоры, профессор Кахраман Раджабов, Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы Тимур Козырев, университетіміздің қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай сынды өзге де ғалымдар маңызды тақырыптарды қозғады.

Солардың бірі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов «Тұрар Рысқұлов және ашаршылық» тақырыбында баяндама жасады. Ашаршылық жылдарында ұлтының амандығы үшін күресіп, халыққа қол ұшын созған өр тұлғаның істерін тарқата айтты. 

«Тұрар Рысқұлов ашаршылықтың қай жылдары, қалай бастау алғанын нақты айтқан. Бұл даталар нақты тарихи деректермен дәлелденген. Оны қазіргі таңда барша ғалым мойындады. Оның есімі біздің тарихымызда халықтың қамын жеген, жалғыз қазақ емес, Кеңестер Одағының қамын ойлаған ірі тұлға ретінде қалды»,-деп, ұлт жанашырының тарих сахнасындағы рөліне тоқталды. 

Басқосу барысында «Рысқұлов және қырғыз зиялылары», «Рысқұлов – әлемдік тұлға», «Рысқұлов және Алаш зиялылары», «Рысқұлов және Түркістан», «Рысқұловтың публицистикасы», «Рысқұлов және Түркістан үшін күрес», «Рысқұлов және Ататүрік, Түркі бірлігі» атаулармен басқа да тақырыптар аясында ақпараттар айтылды.

Осылайша жиылған қауым Тұрар Рысқұловтың болмысымен, қазақ даласы мен халқы үшін төккен тері, еңбек жолымен тереңінен танысты.