СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

  • 18.11.2024
  • KZ

image

Спортшы жастарымыз 15-18 қараша күндері дзюдо күресінен Ақтөбе қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Айтулы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 510 спортшы қатысты.

Білімгеріміз Құндыз Жылқыбай әйелдер арасында 52 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді. Ерлер арасынан Айдар Арапов 90 кг салмақ бойынша 3-орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, оқу ордамыздың спортшылары өзге де республикалық сайыстарда топ жаруда. Студенттеріміз Тараз қаласында өткен ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды.

Спортшымыз Нилуфар Раймова 57 кг салмақ дәрежесі бойынша 1-орын иегері атанды. Ал, 55 кг салмақта Айнұр Әшімова 2-орынға табан тіреді. Бұрымды балуандарымыз: Шұғыла Өмірбек – 57 кг, Мадина Аман – 59 кг, Тыныс Дүбек – 62 кг, Гүлдана Өсербай – 68 кг, Шәмшиябану Тастанбек – 72 кг салмақ дәрежесінде 3-орыннан көрінді. Сондай-ақ, 97 кг салмақта белдескен балуан Қалдыбек Иманғали да 3-орынды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, жарыста жалпы командалық есепте Түркістан облысының қыздар командасы жеңіске жетті. Бұл жетістікке университет студенттерінің жеңісі де әсер етті.

Университет атын асқақтатқан барша жеңімпаз спортшымызды құттықтаймыз!