УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ ҚАРЖЫ САУАТЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ ҚАРСЫ ЧЕЛЛЕНДЖДІ ҚОЛДАДЫ

Шараның мақсаты – халық арасында қаржылық мониторинг органдарының оң имиджін қалыптастыру, «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясының әлеуетін көтеру, халықтың қаржы сауатын арттыру, жастар арасында құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетін қалыптастыру, ойынқұмарлық пен қаржылық пирамидалардың алдын-алу және кибергигиенаны сақтау әдетін қалыптастыру.
Республикалық форум университет студенттерінің флэшмобымен басталды. Жастар «Экономикалық қауіпсіздік: Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» атты форумды қолдайтынын білдірді.
«Қоғамда құмар ойындарға, дропперлерге, қаржы пирамидаларына, есірткіге, оның ішінде жастар арасында, әсіресе, вейп пен мефедрон секілді синтетикалық есірткілерге тәуелділік кең өріс алды. Бұл – қоғам дерті. Сондықтан, біз, Ясауи жастары әлемді алаңдатқан есірткі, қаржы пирамидалары,құмар ойындар секілді өзекті мәселелердің түп тамырын жоюға, жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз. Өз болашағымыз және еліміздің болашағы біздің қолымызда екенін түсіне отырып, біз осы челленджді Қазақстанның барлық студенттеріне жолдаймыз!», - деп үндеу жасады студенттер замандастарына.
Бұдан әрі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлер университет студенттерімен бірге таңғы жаттығу жасады.
Шара университет кітапханасында жалғасты. Онда «Заң мен тәртіп. Экономикалық қауіпсіздік: қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» форумының панельдік сессиялары өтті.
Спикерлер құмар ойындары, қаржы пирамидалары, есірткі сынды қоғам үшін зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Жастарға құқықтық және қаржылық тұрғыдан сауатты болудың маңызын түсіндірді