АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ВИЦЕ-РЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ АПТАЛЫҒЫН БАСТАДЫ

  • 25.11.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова мен Академиялық департамент мамандарының студенттермен кездесу апталығы басталды. 

Жиынға студенттер, магистранттар және докторанттар қатысып жатыр.

Басты мақсат – білім алушыларды университеттің академиялық саясаты және ережелерімен, стратегиялық жоспарымен, сондай-ақ университет құндылықтарымен таныстыру. 

Кездесуде академиялық процесстер, сессияның өткізілу тәртібі, өндірістік іс-тәжірибеден өту талаптары, бағалау жүйесі сынды өзге де маңызды мәселелер талқыланды. 

Эльмира Идрисова білімгерлердің факультет декандарынан бастап, университет басшылығымен байланыс орнатудағы еркіндігі, оқу орда құндылықтары,оның ішіндегі адалдық пен әділдік құндылығының маңызын тереңінен түсіндірді. Халықаралық статусқа ие оқу орданың студенттерге ұсынған мүмкіндіктерін саралады.

Іс-шара барысында вице-ректор Эльмира Идрисова: «Біз сіздердің білім алу жолдарыңызда қолдау көрсетіп, қызмет етеміз. Ал, сіздерге, студенттерге қойылатын талап – академиялық адалдықты сақтау. Оқу кезеңінде, сессия уақытында болсын, әрдайым жауапкершілік танытуларыңыз қажет»,-деді.

Басқосу соңында білімгерлер өздерін толғандырған сауалдарына тың жауаптар алды. 

Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова мен Академиялық департамент мамандарының студенттермен кездесуі апта соңына дейін жалғасады.