СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • 05.02.2024
  • KZ

image

«Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия еліне барып келген Стоматология факультетінің студенттері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға Ректор өкілі Пеями Баттал, Стоматология факультетінің деканы Хасан Гүндоғар, Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов, департамент координаторлары және Стоматология факультетінің студенттері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – академиялық алмасу бағдарламалары жайында студенттерге ақпарат беру және алмасу бағдарламаларының тиімділігін насихаттау.

Ректор өкілі сөз алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасының, студенттердің бағдарламаларға қатысуының және осы ақпараттармен студенттердің маңыздылығын айтты.

Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов студенттерге «Орхун», «ҚР ҒЖБМ бағдарламалары», «Эрасмус+», екі жақты келісім-шарт негізінде оқу бағдарламалары жайында түсіндірді және олардың беретін мүмкіншіліктері жайында ақпарат берді

«Орхун» бағдарламасы бойынша Түркияда білім алып келген 3 курс студенттері Шабат Ералы, Сағат Қанатұлы, Мырзабек Аманжолов және Иса Мамытов алмасу бағдарламасының тиімділігі, ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталды.

Сонымен қатар басқа да студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысып, өзге елдің тарихымен, мәдениетімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысуға кеңес берді.