УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРАМАСЫ «ҚЫСҚЫ ДОДА» ТЕЛЕЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

  • 05.02.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміздің «Yasawi» құрама командасы «Turkistan» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен – «Қысқы дода» спорттық тележобасының жеңімпазы атанды.

Жобаның мақсаты – Түркістан облысында қысқы спорт түрлерін дамыту.

Айта кетейік, оқу ордамыздың студенттерінен құралған команда спорттық сайыста 4 команданың арасынан оза шауып, жартылай финалдан ақтық мәреге жолдама алған болатын. Ал, финалда Түркістан көпсалалы-индустриалды техникалық колледжінің командасымен өзара бақ сынады.

Командалар 6 сайыс түрінен: Шайбамен хоккей қақпасына гол соғу; Уақыт жылдамдығы бойынша шеңберді айналу; Мұз үстінде арқан тарту; Эстафета (айналым арқылы жарысу); Кедергілер арасынан өту арқылы жарысу; Тіркеме арқылы жарысу ойындары бойынша сынға түсті.

Тартысқа толы сайыс нәтижесінде командалық есеппен «Yasawi» құрамасы қарсыластарын 5:1 ұпаймен ойсырата жеңді.

I орынды қанжығасына байлаған оқу ордамыздың командасына «Turkistan Media Holding» ЖШС – 350 000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.

Жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!