2024 ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ  СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 25.12.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде№5 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. 

Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен, әрі өзге де жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.  

Университет ректоры Жанар Темірбекова Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисованы облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысы Мәслихат төрағасының арнайы грамотасымен құттықтады. Ал, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Раушан Қуандықованы 60 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Келесі кезекте, университетіміз бен «Ясауи Эндаументі» қоры арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Айтулы келісімге ректор Жанар Темірбекова мен Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, «Ясауи Эндаументі» қоғамдық қорының басшысы және үйлестірушісі Мәриям Асанова қол қойды. Бұл құжат алдағы уақытта ортақ жобаларды жүзеге асыру мен өзара тиімді серіктестік орнатуға негіз болады. Оқу орда басшылығы мен Сенат мүшелері меморандум университеттің ғылыми, мәдени және қоғамдық дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ғылым департаментінің директоры Х.Масадиков ҚР ҒЖБМ мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалу барысы туралы, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы А.Досболов 2024-2025 оқу жылының докторантура бағдарламаларына қабылданған білімгерлердің диссертация тақырыптарын бекіту бойынша ақпарат берді. Академиялық департамент директоры А.Бостанова Қорытынды аттестаттау комиссиясының (ҚАК) төрағаларын бекіту туралы баяндады.

Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну, Университеттің №3 оқу-ғимараттарында орналасқан кабинетке университетіміздің ардагер профессорының атын беру, Ақылы негізде қабылданған докторанттарға оқу ақысына жеңілдік беру сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.