ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ 2024 ЖЫЛҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
.png)
Айта кетейік, конкурстық комиссия өтінімдер нәтижесінде ғылым саласындағы сыйлықтарды тағайындауға 6 жұмысты, ал мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға 75 үміткерді, соның ішінде дарынды жас ғалымдарға арналған 50 стипендияны ұсынды.
Конкурстық комиссияның шешімімен стипендиялар ғылыми бағыттар бойынша жеке рейтингтік тізімдер негізінде тағайындалды.
Көп ішінен үздік деп танылған оқытушыларымыз:
Дінмұхаммед Келесбаев – Менеджмент және туризм кафедрасының профессоры, PhD доктор;
Азиза Сыздықова – Экономика, қаржы және есеп кафедрасының PhD., қауымдастырылған профессоры;
Бағлан Ермаханов – Дене мәдениеті кафедрасының PhD оқытушысы, қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы.
Ғалымдарымыздың жарқын жетістігі құтты болсын! Ғылыми ізденістеріңізге сәттілік тілейміз!