УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМЫ ОБЛЫС ҮЗДІГІ АТАНДЫ

Кеше Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен «Түркістанды түлеткен» атты жылдың үздіктерін марапаттау кеші өтті. Облыс әкімі өз саласында адал еңбек етіп, үздік атанған жандарды құттықтады.
Айтулы шарада Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлтан Нұрдинов огблыстың білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік ғалымы» номанияциясына ие болды.
Айта кетейік, салтанатты кеште 40 номинация бойынша өз саласында үздік атанғандар арнайы марапатталды.
Жыл қорытындысы негізінде топ жарып, білім-ғылым жолында елеулі еңбек еткен оқытушымыз Нұрсұлтан Нұрдиновтың жетістігі құтты болсын!