СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

  • 04.02.2024
  • KZ

image

Университетіміздің Медицина факультетінің студенттері Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен IV Халықаралық «От учения Абу Али ибн Сина — до третьего РЕНЕССАНСА» олимпиадасында жеңімпаз атанды.

Студенттік Олимпиаданың мақсаты – медицинаның әртүрлі бағыттарындағы білімді насихаттау, студенттерге өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік жасау, инновациялық қызметке тарту және олардың әлеуетін болашақ медицина қызметкерлері ретінде пайдалану.

Олимпиада нәтижесінде Ахмет Ясауи университетінің 5-курс студенті Полат Бейбарыс пен 3-курс студенті Қарақат Оңдасын І орынды жеңіп алды. Ал, 4-курс студенттері Аружан Темір мен Самат Мустахым және 5-курс студенті Арайлым Байқадам ІІ орынды иемденді. ІІІ орынды 5-курс студенттері Айбек Асанов пен Доно Розакулова қанжығаларына байлады.

Жүлдегер студенттерді олимпиадаға дайындаған жетекшілері – профессор Ишигов И.А. және м.ғ.к.Татыкаева У.Б.

Шәкірттеріміздің жарқын жеңісі құтты болсын!