УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

Оқу ордамыздағы «Экология» ғылыми-зерттеу институты жанынан «International Journal of Environmental Science and Green Technology» атты халықаралық журнал жарыққа шығатынын және алғашқы мақалалар қабылдауды бастайтынын хабарлаймыз.
Журналға Қоршаған орта туралы ғылым: экология, қоршаған орта химиясы, қоршаған орта инженериясы, қалдықтарды басқару және кәдеге жарату; Энергия: жаңартылған энергия, тұрақтылық және қоршаған орта тақырыптарында соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін қамтыған сапалы және мазмұнды, ағылшын тілінде жазылған ғылыми мақалалар қабылданады.
Журналға келесі сілтеме арқылы тіркеліп, мақала жіберуге болады: https://journals.ayu.edu.kz/index.php/ijesgt