№6 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 29.01.2025
  • KZ

image

Бүгін университетімізде  №6 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты

Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен, әрі өзге де жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.  

Университет ректоры Жанар Темірбекова профессор Мустафа Нурсой мен Медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының биология ғылымдарының доценті Эльмира Оспанова және Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), физика математика ғылымдарының кандидаты Кулзина Назарованы 60 жас мерейтойларымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Академиялық департамент директоры А.Бостанова 2024-2025 оқу жылындағы қысқы сессия қорытындысы туралы баяндады. Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының басшысы Салтанат Қырықбаева Ішкі аудит нәтижелерін талдады.

Сондай-ақ, Университеттің Оқу-әдістемелік комитетінде мақұлданған, ОПҚ дайындаған оқу, оқу-әдістемелік құралдарын талқылау және бекіту, Қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағаларының есебін бекіту, сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.