АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 02.02.2024
  • KZ

image

Бүгін кадр даярлау бағытының Академиялық комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжіліске Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева, Академиялық департамент бөлім басшылары, Медицина және Стоматология факультеттерінің декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Басқосуда денсаулық сақтау саласындағы Үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын қолданысқа енгізу барысында туындаған проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, модульдерді құраушы пәндердің мазмұны мен көлемінің оқыту нәтижелеріне сәйкестігі және білім беру бағдарламасын басқару проблемалары қаралды.