УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ҚОС БІРДЕЙ СТУДЕНТІ ТМД-ДА ҮЗДІК АТАНДЫ

  • 02.02.2024
  • KZ

image

Оқу орнымыздың студенттері «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткен «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.

Айтулы байқау ғылым, өнер және спорт салалары бойынша жетістіктерге жеткен студенттер арасында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Ахмет Ясауи университетінің Медицина факультеті студенттері Күмісай Артықбаева мен Дильназ Исаева «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісі, куәлігі және І дәрежелі дипломмен арнайы марапатталды.

Үздік студенттерді университеттің әлеуеметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев арнайы қабылдап, марапаттарымен құттықтады және алдағы жобаларына сәттілік тіледі.