«АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • 14.02.2025
  • KZ

image

Оқу ордамызда 12-14 ақпан күндері Халықаралық байланыстар департаментінің мұрындық болуымен «Ағылшын тілін оқытудағы жасанды интеллект» атты тренинг өтті.

Маңызды іс-шараны Қазақстан Республикасы ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы «KazTEA» ұйымдастырды. Сондай-ақ, жиын АҚШ-тың Алматы қаласындағы консулдығы мен Ташкент қаласындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының өңірлік кеңсесінің әдістемелік қолдауымен жүзеге асты. 

Басты мақсат – білім беру үдерісін жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.

Тренингке орта мектептердің 30 ағылшын тілі мұғалімі мен университет оқытушылары қатысты. 

Айта кетейік, Түркістан қалалық білім басқармасы мектеп мұғалімдерінің пайдасы мол тренингке қатысуына ықпал етті.

Жиын кезінде «ХАТУ» АҚ әдістемелік және тіл мамандары ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін ортаға салды.