МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

  • 20.02.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда Спорт және өнер факультеті, «Дене  тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті. Маңызды жиынды Өзбекстаннан арнайы келген қонақ –  Ташкент қаласы ғылыми зерттеу институтының доценті  Наиля Светличная жүргізді.

Жиынға Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

Семинардың мақсаты – ерекше білім беруде қажеттілігі  бар  жандарды  қоршаған  ортаға  бейімдеп, қарым-қатынастарын жақсарту, ой-өрісінің  дамуын  арттыру.                    

Жиын барысында Наиля Светличная: «Қазіргі кездегі жаһандық проблема – әртүрлі денсаулық проблемалары және мүгедектігі бар адамдар санының тұрақты өсуі. Мүмкіндігі шектеулі адамдар әлем халқының шамамен 15 пайызын құрайды»,-деді.

Осы тұста,спикер инклюзивті жандарға деген көз қарас пен қоғам қолдауының маңызы туралы тың ақпараттар берді. Ерекше жандарға білім беру жүйесіндегі пайдалы әдістер туралы да өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, қатысушылармен психологиялық зерттеу сергіту ойындары жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар маңызды тақырыпты қозғап, құнды ақпараттармен бөліскен Наиля Светличнаяға алғыс білдірді.