ОҚУ ОРНЫМЫЗҒА ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН ӘБДІРОВ КЕЛДІ

  • 20.02.2025
  • KZ

image

Бүгін университетімізге ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мұхтар Ерман, Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсарбек Өсербаев келді. Қадірлі қонақты ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Нажи Генч, сондай-ақ университетіміздің вице-ректорлары да қарсы алды.

Университет басшылығы мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сүбелі сұхбат құрды. Нұрлан Әбдіров бастаған қонақтар оқу ордамызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, жуырда ғана Өкілетті Кеңестің 78-отырысының шешіміне сәйкес «Заң» факультетінің қайта ашылуымен құттықтады. Заң саласында шәкірт тәрбиелеудің рөлі мен болашақ кадрдың білікті болуының маңызы туралы ой бөлісті.

Кездесу барысында мамыр айында Түркістанда Түркі мемлекеттері Орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы отырысы аясында өтетін «Түркі әлемі: дәстүр, тәжірибе және сайлау жүйелерін дамыту перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыны ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 

Айта кетерлігі, университетіміз ауқымды конференцияның басты ұйымдастырушыларының бірі болып, іс-шара оқу орнымыздың базасында өтеді.