ҚАЗАҚ ТІЛІН ТУЫС ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

  • 21.02.2025
  • KZ

image

Университетіміздің Кентау кампусында Дайындық орталығы мен Кентау қалалық тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін туыс тіл ретінде оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешеннің әдістемелік аспектілері: ізденістер мен нәтижелер» атты дөңгелек үстел өтті. 

Басты мақсат – қазақ тілін туыс тіл ретінде оқытуда кездесетін қиындықтарды талқылап, оны оқытудың жаңа тәсілдері мен тиімді әдістерін іздеу, сондай-ақ еліміздің болашақ тіл саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадамдарды талқылау.

Жиында «Қазақ, орыс тілдері» бөлімінің профессоры, п.ғ.д.  Қ.Қадашева, доцент, ф.ғ.к. Б.Оспанова, «Қазақ, орыс тілдері» бөлімінің басшысы, п.ғ.к. А.Мырзаханова, Кентау қалалық тілдерді оқыту және дамыту орталығы орталығының оқытушысы Ж.Асханова және өзге де мамандар маңызды баяндамалар оқыды.

Қазіргі таңда қазақ тілі оқыту әдістемесінде жаңа оқу-әдістемелік кешендерді енгізу өте маңызды. Осы тұста, жиында әрбір қатысушының пікірі тыңдалып, осы саладағы жаңа жетістіктер мен әдістерді зерттелді.

Айтулы іс-шарада қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім саласындағы соңғы жаңалықтарды талқылады.