ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Семинар – «Тұрақты даму мақсаттарын білім беру бағыттарына және ғылыми жобаларға байланыстыру», «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыптары аясында жүргізілді.
Негізгі мақсат – қатысушыларға Тұрақты даму мақсаттары мен бағыттарын түсіндіру. Факультет қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын және ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерді қолдануды көрсету.
Жиында Медицина мен Тұрақты даму мақсаттарын байланыстыру қаншалықты маңызды екені сараланды.
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) –бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі мақсат таңдалды. Осы тұста, аталған мақсаттардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейтіні кеңінен түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып қана қоймай, өз ойларын ортаға салды.