ҒАЛЫМДАРЫМЫЗДЫҢ ЖОБАСЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕССИЯДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

  • 22.02.2025
  • KZ

image

Оқу орнымыздың ғалымдары Коммерцияландыру офисінің бастамасымен, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» атты ғылыми-технологиялық сессияға қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.

Оған Қазақстан мен шетелден 54 жетекші ғалым, сондай-ақ «Казцинк» ЖШС компаниясының 12 сарапшысы қатысты. 

Ғылыми-техникалық сессияның алғашқы күні пленарлық мәжіліс өткізілді, онда қатысушылар ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы және оның болашағы туралы пікір алмасты. Сессия барысында Қазақстанның тау-кен өндірісіндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдер талқыланды.

Екінші күні қатысушылар ғылыми жобалардың прототиптерін әзірлеуге және «Казцинк» ЖШС үшін басым ғылыми жобаларды іріктеуге ерекше назар аударды.

Жалпы хакатон нәтижесінде — 54 ғалым ұсынған 13 жобаның ішінен университетіміздің 2 жобасы үздік үштікке кірді.

Атап айтар болсақ, х.ғ.к Тулкинжон Гаипов пен PhD Арман Маханбетов ұсынған технологиясы 2-ші орынды иеленді.

Ал, PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Құрбанбеков пен басқа да ғалымдар ұсынған тағы бір жоба 3-ші орынды алды.

Келесі кезеңде ғалымдарымыз «Казцинк» ЖШС-мен бірлесіп, ғылыми-техникалық тапсырманы жазып, ҒжЖБМ-нің Ғылым комитетіне қарасты Ғылым қорына ұсынатын болады.