ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

  • 24.02.2025
  • KZ

image

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «GREEN GROWTH» клубының мүшелері мен Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының мамандары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық іс-шара өткізді. Игі іс Қаратау мемлекеттік табиғи қорығын тазалау жұмыстарынан бастау алды.

Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастамасын қолдау.

Ал, Қаратау қорығында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру –табиғи байлықтарды сақтауға және экологиялық мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосады. Бұл бастама арқылы қорықтың бірегей табиғаты мен экологиялық тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігі арта түспек.

«GREEN GROWTH» клубының мүшелері мен Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының  аумағын тазалады. Олар полиэтилен пакеттерін жинау және арық бойын түрлі қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік,  полиэтилен пакеттер желмен оңай тасымалданады. Олардың салмағы жеңіл болғандықтан, желдің әсерінен ұзақ қашықтыққа ұшып, табиғатқа зиян келтіреді. Пакеттер топыраққа, өзен-көлдерге түсіп, олардың экожүйесіне кері әсер етеді. Полиэтилен табиғи жолмен ыдырамайды және қоршаған ортада жүздеген жылдар бойы сақталады.

Сондай-ақ, студенттеріміз жағалау аймақтарын да тазалады. Қорық абаттандырылып, 30 қап қоқыс шығарылды.  

«Таза Қазақстан» акциясы сынды экологиялық бастамалар табиғатқа оң әсерін тигізеді. Егер қоршаған орта таза әрі қауіпсіз болса, құстар да еркін ұя салып, көбейе алады. Бұл – экожүйені сақтауға көмектесетін керемет бастама.