ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Негізгі мақсат – қызметкерлердің психологиялық әлеуетін арттыру, нығайту және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру.
Жиында Алнұр Ошибаев жұмыс процесінде психологиялық тұрақтылықты сақтау және ұжым ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, адамның өмір сүру сапасын арттырудағы денсаулық пен психологиялық жағдайының маңызын жіктеп, тарқата түсіндірді. Стресстің қалай пайда болуынан бастап, оның түрлерін, күрес жолдарын баяндады. Адамның жас ерекшеліктеріне қарай өзгеретін көңіл-күй, жігері мен денсаулығының психикаға әсерін саралады.
Семинар соңында қатысушылар маңызды жиынды өткізген Алнұр Ошибаевқа алғыстарын білдірді.