ҒАЛЫМДАРҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

  • 24.02.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтудің қолжетімді мүмкіндіктері туралы маңызды брифинг өткізді. Іс-шараны Халықаралық байланыстар департаменті ұйымдастырды.

Жиынға оқытушы-профессорлар, магистранттар мен докторанттар және студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ғылыми тағылымдама бойынша үміткерлерді іріктеу қағидалары және конкурсқа қатысу талаптары, Болашақ бағдарламасы, сондай-ақ шетелдік білім алудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы түсіндіру.

Брифингті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин және Құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Дина Омарова жүргізді.

Спикерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырғаны жөнінде атап өтті.

Ал, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ – бағдарламаның әкімшісі. Үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми тағылымдама бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбекпен өтеуді жүзеге асыруын бақылау бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады. 

Айта кетейік, шетелдік ғылыми тағылымдамалар – ғалымдарға арналған тағылымдама ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін ЖОО-да, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда арттыруға бағытталған. Спикерлер аталған тағылымдамадан өту үшін қызметкерлер санатынан бастап, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша да тың ақпараттармен бөлісті. Үміткерлерге қажетті құжаттар тізімі жайлы жіктеп, баяндады.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды.