№7 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 26.02.2025
  • KZ

image

Бүгін университетімізде №7 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Басқосу дәстүрге сай университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.

Университет ректоры Жанар Темірбекова Физика кафедрасының доценті, профессор Алишер Темірбековты 75 жас, ал, Экономика, басқару және құқық факультеті деканатының класс маманы Тамара Дәулетбайқызын 60 жас, Биология кафедрасының аға оқытушы Гүлжан Орынбасарқызын 50 жас  мерейтойымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Университеттің 2024 күнтізбелік жылындағы ғылым саласының Стратегиялық және индикативті көрсеткіштері бойынша Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева баяндады.

Сондай-ақ, Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2024–2025 оқу жылында қысқы кезеңде қабылданған докторанттардың ғылыми жетекшілері және  магистранттардың  ғылыми жетекшілері мен диссертация тақырыптарын бекіту, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну, Студенттердің жатақханаларда тұру ережесін (УЕ-ХҚТУ-074-2021) бекіту сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.