СТУДЕНТІМІЗ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ол Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 74 келі салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медальді жеңіп алды.
Айтулы спорттық бәсекеге қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық балуан өтініш берген. Олардың арасында Италия, Мексика, Польша, Иран, Жапония, Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония сынды т.б елдердің спортшылары бар.
Жұмажан Қожамбеков финалдық кездесуде Тәжікстандық спортшыны жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кетейік, Жұмажан қазақ күресінен өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындарының чемпионы атанған палуан. Спортшымыздың екі дүркін Әлем чемпионы атанғаны құтты болсын! Алдағы сайыстарына сәттілік тілейміз!