ЯСАУИ – МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ: СТУДЕНТТЕР ШЕТЕЛДЕ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

Журналистика мамандығының 4-курс студенттері 1 ай бойы Анкара қаласында орналасқан «ТРТ» Медиа Холдингінде практикалық тұрғыда білімдерін шыңдамақ. Айтулы өндірістік тәжірибе университетіміз бен «ТРТ» телеарнасы арасындағы түзілген өзара ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асты.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында 5 студентіміз Түркия Республикасында өндірістік тәжірибен өтіп, журналистика саласында шыңдалған болатын.
Ректор өкілі м.а Нажи Генч бұл білімгерлерге берілген мол мүмкіндік екенін тілге тиек етті. Студентерге өндірістік тәжірибеден құнды ақпараттар алу мен кәсіби дамудың маңызын түсіндірді. Университет өз шәкірттеріне үлкен сенім артатынын баса айтты. Түркияға баратын жастардың тәжірибеден өтіп, сондай-ақ естелікке толы уақыт өткізулерін тіледі.
Алдағы уақытта студенттер шетелдік телеарнада редакторлық шеберлік пен жазу шеберлігінен және мамандықтарына қатысты басқа да салалар бойынша тәжірибе жинақтайтын болады.