КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ САҒАДАТ НҰРМАҒАНБЕТОВТІҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

  • 01.03.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда «Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовке –100 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Айтулы іс-шараны Теология факультеті ұйымдастырды.

Сағадат Нұрмағанбетов – ең алғашқы «Халық Қаһарманы» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы. Ол бар болғаны 20 жасында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақтың мақтанышы!

Жиынның ашылу салтанатында сөз бастаған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов:«Бүгінгі іс-шараны бастамас бұрын, барлығыңызды Қасиетті Рамазан айы мен Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын!

Бүгін Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 100 толуына орай Теология факультеті тәрбиелік мәні зор дөңгелек үстел өткізуде. Болашаққа қарай қадам басу үшін өткенге қарауға тиіспіз. Ал, тарихымызда Сағадат Нұрмағанбетов сынды өнегелі өмір сүрген азаматтарымыз көп. Олардың патриоттық тәрбиеге толы істерін танытатын бүгінгідей іс-шараларды жиі ұйымдастыруымыз керек. Сондықтан, факультет ұжымы мен студенттеріне алғыс айтамын!»,-деді.

Келесі кезекте, Сағадат Нұрмағанбетовтің өмір жолы туралы Спорт және өнер факультетінің аға оқытушысы, подполковник Алмазхан Асанов кеңінен баяндап берді. Жиынға қатысқан жастар батыр Сағадат Нұрмағанбетовтің майдандағы ерліктері мен одан кейінгі егемен Қазақстанның Қорғаныс министрі ретінде атқарған елеулі еңбектері жайлы тыңдады.

Іс-шарада батыр Сағадат Нұрмағанбетов туралы тың деректерге толы бейнебаян да көрсетілді. Сондай-ақ, Ясауи ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов «Отанға адал ерлер» тақырыбында ой бөлісті. Осы тұста, 2-курс студенті Әбдімүтәліп Зияуддинов «Сағадат Нұрмағанбетов – Тәуелсіздік қалқаны» баяндамасы арқылы ұлт үшін туған азаматтың өр бейнесін таныта түсті.

Жиын соңында студенттер қазақ тарихында аты алтын әріппен қалған батыр ұлын танытқан іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.