УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 15 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «АТАМЕКЕН» ҰКП РЕЙТИНГІСІНДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДАН КӨРІНДІ

  • 31.01.2024
  • KZ

image

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірігіп, жылдағы дәстүр бойынша еліміздің ЖОО білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау өткізіп, нәтижесін жариялады.2023 жылғы «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері бойынша оқу орнымыздың 44 ББ-ның 15-і республика бойынша ТОП-10 қатарына енді. Оның ішінде, университеттің 3 ББ-сы рейтингте ТОП-3 тізімінде тұр. Олар:

• «Бастапқы әскери дайындық»
• «Педагогика және психология» 
• «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі».

Сондай-ақ, үздіктер қатарында келесі ББ-лары бар: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Дене тәрбиесі және спорт», «Музыкалық білім беру», «Химия», «Химия-Биология», «Тарих», «Шетел филологиясы (Түрік тілі)», «Журналистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану», «Математика (жаратылыстану)», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету».

Өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда көрсеткіштер едәуір жақсарғаны байқалады. 2022 жылы ТОП-10 қатарына тек 6 ББ-сы енген еді, оның 2-еуі үздік үштіктен көрінді.

Айта кетейік, білім беру бағдарламалары рейтингін есептеу кезінде ірі үш көрсеткіш ескеріледі:

1. Түлектердің мансаптық перспективасы бағасы
2. ББ сараптамалық бағалау бойыншабағасы
3. Студенттердің жалпы статистикасы мен жетістіктері бағасы.

Барлық әріптестерге «Атамекен» ҰКП рейтингісіндегі жетістігіміз құтты болсын!