ОҚУ ОРДАМЫЗДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

«Компьютерлік инженерия» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Ануарбек Аманов тренер-оқытушы ретінде 72 сағаттан тұратын 2-апталық курсты жүргізуде.
Еліміздің білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу қажеттілігі артып келеді. Себебі, бұл технология университеттер арасындағы білім сапасын жоғарылатуға ықпал ете алады. Осы мақсатта ұйымдастырылған курс жоғары деңгейде өткізіліп келеді.
Курс барысында тренер қатысушыларға оқу процесіне және ғылыми зерттеу жұмыстарын қажетті жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеп, оларды сабақ беру және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдану тәсілдерін үйретіп жатыр.
Сондай-ақ, курста оқытушылар өз уақыттарын үнемдей отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын, оның ішінде автоматтандырылған әдебиеттік шолулар, қандай тілде жазылғанына қарамастан, әлемдік деңгейдегі рейтингті мақалалардан ақпаратты оңай алу жолдарын үйренеді.
ЖИ-ті қолдану білім сапасын бақылау, оқу материалдарын жаңарту және студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге жол ашады. Заманауи педагогикалық тәсілдер мен технологияларды игерген оқытушылар жаһандық трендтерге бейімделіп, университетіміздің білім беру жүйесі мен ғылымын әлемдік стандарттарға сәйкес дамытуға үлес қоспақ.
Қатысушылар курс арқылы Жасанды интеллекттің қалай жұмыс істейтінін және оны білім беру саласында қолдану; Оқытушыларға оқу процесін жеңілдететін ЖИ құралдарын пайдалану; Сабақ жоспарларын автоматты түрде жасау; Студенттердің үлгерімін талдау, ұйымдастыру және бақылау үшін ЖИ технологияларын қолдану жолдары; Оқу материалдарын жеке қажеттіліктерге бейімдеудің тиімді тәсілдері; ЖИ қолданудың артықшылықтары мен академиялық бағытта (оқу құралдарына материалдар әзірлеу, көрнекілік, оқу-әдістемелік құралдар) қолдану тәсілдері сынды т.б ақпараттарға ие болады.
Айта кетейік, факультеттерден курқа қатысып, арнайы сертификат алуға 500- ден аса ОПҚ ұсыныс білдірген. Ал, қазіргі таңда 200-ден аса қатысушы сертификаттарын алды.