ОҚУ ОРДАМЫЗДА ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

  • 05.03.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызға Оксфорд университетінің профессоры Зейнеп Юрекли арнайы келді. Ол ОПҚ мен ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттарға семинар өтті.

Зейнеп Юрекли – ортағасырлық және ерте замандағы ислам сәулет өнерінің сарапшысы, иллюстрацияланған қолжазбалар мен сопылар ғибадатханалары,агиография мен тарихнаманы зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым.

Профессор сөз басында арнайы қонақ етіп, құрмет көрсеткен университет басшылығы мен ұжымына ризашылығын жеткізді. Түркі жұртшылығының рухани астанасына айналған Түркістанға табан тірегеніне қуанышты екенін де атап өтті. 

Профессор семинарда Оксфорд университетінің әлеуеті мен салалары, ондағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен өзінің тәжірибесі туралы тарқата айтты.

Сонымен қатар, өзі зерттеген Еуразиядағы кейінгі ортағасырлық және ерте заманауи ислам өнері мен архитектурасы мен Архитектуралық құжаттамада және қолжазбалардың кодикологиялық сараптамасында тәжірибелік дағдылар сынды өзге де қызықты ақпараттармен бөлісті. Оның ішінде киелі шаһарымызда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектурасы мен тарихы, ерекшеліктері жайлы тың ойларын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар маңызды деректер ұсынып, тәжірибесімен бөліскен профессор Зейнеп Юреклиге алғыстарын білдірді.