УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «НАШАҚОРЛЫҚ САНА ТҮСІНІГІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Кітапхана орталығының кіші залында «Нашақорлық сана түсінігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университетіміздің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Шарада нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Іс-шараны университеттің студенттік омбудсмені Аружан Бақытжан жүргізді.
Спикерлер қатарында АИ дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Гүлжазира Бегимбетова және университет клиникасының психолог маманы Ляззат Мырзашева болды. Олар нашақорлықтың зияны, оның психологиялық және медициналық салдары туралы баяндама жасады.
АИ дәрігерлік амбулатория дәрігері Гүлжазира Бегимбетова баяндамасында нашақорлықтың денсаулыққа зияны, тәуелділіктің қалай пайда болатыны және онымен күресудің медициналық жолдары туралы айтты. Ал психолог маман жастардың зиянды әдеттерге әуес болуын психологиядағы «қуыс кеуде» ұғымымен түсіндіріп, қоғамдағы құндылықтар туралы сөз қозғады.
Дөңгелек үстел барысында ашық пікір алмасу болып, қатысушылар ойларын ортаға салды. Шара естелік суретке түсумен аяқталды.
Университетімізде осы тақырыпта жиі ұйымдастырылатын кездесу – студенттеріміздің нашақорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.