ОҚЫТУШЫМЫЗ ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

  • 07.03.2025
  • KZ

image

Университетіміздің Жаратылыстану факультеті, Экология және химия кафедрасының PhD, доцент м.а., аға оқытушысы Берді Динара Кадирханқызы елімізде алғаш рет берілген академик Найля Базанова атындағы марапатқа ие болды!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алғаш рет отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Н.Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді. 

Бұл марапат – отандық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан, жоғары ғылыми әлеуеті бар жетекші әйел-ғалымдарға беріледі. Оқу орнымыздың оқытушысы Динара Кадирханқызының еңбегі лайықты бағаланып, осындай құрметке ие болуы – университетіміз үшін үлкен мақтаныш!

Айта кетейік, кейінгі жылдары әйел-ғалымдардың ғылымдағы рөлі артып келеді. Қазақстанда ғылыммен айналысып жүрген зерттеушілердің 55,6%-ы – әйелдер. Олардың еңбегі халықаралық деңгейде мойындалып, жыл сайын беделді журналдарда мыңдаған ғылыми мақалалары жарияланып жатыр. Осы жолда еңбек етіп, жоғары дәрежелі марапаттың иегері атанған Динара Кадирханқызына шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен тың жаңалықтар тілейміз!