ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

  • 18.03.2025
  • KZ

image

«Наурызнама» онкүндігі жобасы аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күні! Бүгін еліміздің азаматтары өздерінің дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу мақсатында ұлттық киімдер киетін ерекше күн. Университетіміздің басшылығы мен қызметкерлері, оқытушы-профессор құрамымен студенттер де ұлттық нақышты айқындайтын, ою-өрнектермен көмкерілген киімдер киіп, ұлттық болмысымызды паш етті.

Оқу ордамызда шапан, камзол, кәжекей кию дәстүрі сақталған. Сонымен қатар, аруларымыз шекелік пен шашбау сияқты әшекейлерді тағып, қазақтың әдемі ұлттық стилін көрсетті.

Басты мақсатымыз — тек ұлттық киім кию ғана емес, ежелден келе жатқан ата дәстүрімізді ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа қадір-қасиетін сақтап жеткізуге шақыру.

Айта кетейік, Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері Түркістан қаласының ерекше мәртебе алуымен және «Наурызнаманың онкүндігі» аясында әр аптаның сәрсенбі күні ұлттық киім кию бастамасын көтерді. Университетіміз де ұлттық болмысты дәріптейтін бұл игі бастаманы қолдауға дайын!