ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Игі бастама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Salauatty Yassawi жобасы аясында өткізілді.
Медицина факультетінің бастамасымен өткен таңғы жаттығудың басты мақсаты – қозғалыс пен салауатты өмір салтының маңызын насихаттау, университет ұжымын белсенділікке ынталандыру.
«Денсаулық – бұл тек физикалық жағдай емес, ол адамның өмірге деген құлшынысы, рухани сергектігі мен ой тазалығы. Ал белсенділік – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі», – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Таңғы жаттығу университет аумағында ашық аспан астында өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдағы уақытта да Salauatty Yassawi жобасы аясында денсаулық сақтауға бағытталған түрлі іс-шаралар жалғасын табады.