ОКСФОРД ЖӘНЕ ЧУКУРОВА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Дайындық орталығының оқытушылары мен тыңдаушылары Оксфорд университеті, Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінің профессоры Эмине Чакыр мен Түркиядағы Чукурова университеті, Ағылшын тілі оқыту кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жулиде Инөзүнің «Тіл үйрету әдістері» атты семинарына қатысты.
Жиын барысында профессорлар халықаралық білім беру саласындағы жаңа тенденциялар мен әдістемелік тәсілдер туралы тың ақпараттар берді. Сонымен қатар, тыңдаушылармен білім алудың тиімді жолдары және маңызды қағидаттары туралы пікір алмасты.
Эмине Чакыр «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігін таныстырып, шетелде қазақ тілін оқыту тәжірибесі жайлы кеңінен баяндады. Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Оксфорд университетіне барып, Вульфсон колледжі (Wolfson College) және Оксфорд «Бірсөз» ұйымымен (Oxford Birsöz Initiative) маңызды келісім шартқа қол қойғанын айтты. Аталған келісім шарт нәтижесінде Оксфордта қазақ тілінің оқытылуы үлкен қуаныш екенін тілге тиек етті.
Бұл семинар білім беру тәжірибесін жаңа деңгейге көтеріп, тыңдаушылар мен оқытушылар арасында пайдалы әрі мазмұнды сұхбат алаңына айналды.