ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ «ЖАС ҒАЛЫМДАР» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Теология факультеті, Дінтану кафедрасының меңгерушісі Фэриде Камалова – «Түркістанның киелі жерлері туралы аңыздардың аксиологиялық сипаты мен жастарды тәрбиелеуде қолдану тетіктері» атты жобасы арқылы жеңімпаз атанды.
Ал, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, PhD Нұрлан Муминов – «Қазақстанның аймақтық бірегейлігінің қалыптасуы: геосаяси турбуленттілік жағдайындағы Орталық Азияның саяси, әлеуметтік және экономикалық интеграциясы» жобасымен үздіктер қатарынан көрінді.
«Түркістанның киелі жерлері туралы аңыздардың аксиологиялық сипаты мен жастарды тәрбиелеуде қолдану тетіктері» жобасының мақсаты – Түркістандағы киелі жерлерге қатысты аңыз-әпсаналарда кездесетін құндылықтарды жүйелі түрде талдап, олардың заманауи қоғамға тигізетін тәрбиелік әсерін анықтау. Сондай-ақ, жастар тәрбиесіндегі ұлттық сананы қалыптастыру, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және патриотизм сезімін дамыту жолдарының механизмін айқындау. Жобаның қаржыландыру көлемі – 60 789 040 теңге.
«Қазақстанның аймақтық бірегейлігінің қалыптасуы: геосаяси турбуленттілік жағдайындағы Орталық Азияның саяси, әлеуметтік және экономикалық интеграциясы» жобасының мақсаты – геосаяси турбуленттілік жағдайында Қазақстанның аймақтық бірегейлігінің біртіндеп өзгеруін және Орталық Азияның саяси, әлеуметтік және экономикалық интеграциясының ерекшеліктерін талдау.
Жоба Қазақстанның аймақтық бірегейлігін қайта қарауға ықпал ететін факторларды анықтауға, сондай-ақ қазіргі заманғы геосаяси сын-қатерлердің Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы интеграция стратегиясына әсерін бағалауға бағытталған. Жобаның қаржыландыру көлемі – 75 000 000 теңге.
Жас ғалымдарымызды жетістігі құтты болсын! Ғылыми зерттеу жұмысы барысында сәттілік тілейміз!