«НАШАҚОРЛЫҚ, ТЕМЕКІ, ІШІМДІК-ҚАУІПТІ ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ БІЗДІҢ МІНДЕТ» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • 10.04.2025
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда «Нашақорлық, темекі, ішімдік-қауіпті індет, алдын алу біздің міндет» атты тренинг өтті. Айтулы іс-шараны Жастар орталығы мен АИ дәрігерлік амбулаториясы ұйымдастырды.

Тренингтің басты мақсаты – қоғамда есірткі заттарын қолданудың зиянды екенін түсіндіру, жастарды салауатты өмір салтына баулу және нашақорлықтың алдын алу.

Жиын спикерлері университетіміздің Әлеуметтік мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психолгиялық қолдау көрсету бөлімінің психологмаманы Ләззәт Мырзашева мен АИ дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Гүлжазира Бегімбетова болды.

Спикерлер жастарға нашақорлық пен темекі, ішімдік сынды зиянды дүниелердің кері әсері мен қаупі жөнінде тың ақпараттар берді. Адам денсаулығы мен саналы өмір сүруінің маңызы туралы ойларды ортаға салды.

Сондай-ақ, «Y-PEER» халықаралық желісінің ерікті студенттері «Өмірге қадам» қойылымын қойды.

Ал, психолог Ләззәт Мырзашева адам өз жанын уақытша рақат сыйлайтын зиянды заттармен емес, ұлттық және рухани құндылықтармен толтыру қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, білім-ғылыммен айналысудың маңызын ұғындырды. 

Студенттерді үш топқа бөліп, психологиялық тренинг өтті.

Осылайша, қазіргі заманның басты дертіне айналған зиянды індеттердің алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылды.