«ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ФЛЭШМОБ ӨТТІ

  • 11.04.2025
  • KZ

image

Университетімізде «Қаржылық алаяқтықтың алдын алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында жастар арасында флэшмоб өтті. Флэшмоб Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен  жүзеге асты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Заң және тәртіп» қағидасын облыс аумағында жүзеге асыру мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен – «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» атты Ұлттық олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиада аясында Түркістан жастары «Қаржылық пирамидаларға жол жоқ!» тақырыбында республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне үндеу жасап, челлендж жариялады.

Челлендждің басты мақсаты – жастардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау, дроптардың алдын-алу, қаржылық алаяқтықпен қаржылық пирамидалармен күресу.

Аталған жиынға облыс орталығынан 3000-нан астам жас белсенді қатысты.  Олардың қатарында оқу ордамыздың студенттері мен колледждерден келген білімгерлер бар.