СПОРТШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Оқу ордамыздың спортшы жастары тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Студенттеріміз Қарағанды қаласында өткен U-23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында жүлдегер атанды.
Атап айтқанда, әйелдер арасында өткен күресте Нилуфар Раймова 57 кг салмақ бойынша, ал Тыныс Дубек 62 кг салмақта 1-орынды жеңіп алды. Шұғыла Өмірбек (59 кг) пен Шәмшиябану Тастанбек (72кг) күміс жүлдеге ие болды. Гүлдана Өсербай 68 кг салмақта сынға түсіп, қола медальді еншіледі.
Сайыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының құрама командасы жалпы командалық есепте көш бастады.
Жеңімпаз спортшы аруларды байрақты бәсекеге дайындаған – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржігіт Ерімбетов.
Айтулы чемпионатта ерлер арасында шаршы алаңға шыққан спортшыларымыздың да қанжығасы бос қайтпады.
Ернар Шілдебей 86 кг салмақта қарсаласын жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал, 70 кг дәрежеде Шалдар Қуандық күміс медальге ие болды. Иманғали Қалдыбек (97 кг) пен Бауыржан Советов (125 кг) қос қоланы жеңіп алды. Жігіттердің жаттықтырушысы – аға жаттықтырушы Қанат Тұрғараев.
Университет атын ел чемпионатында асқақтатқан спортшы жастарымыздың жеңісі құтты болсын!