«ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ: ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

  • 15.04.2025
  • KZ

image

Оқу ордамызда «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары: өзектілігі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

Айтулы іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында іске асты.

Конференцияны ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ оқу ордамыз бірлесе ұйымдастырды.

Басты мақсат – елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін жоғары оқу орындары, кәсіптік және техникалық, орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтарының теориялық білімі мен шығармашылық дағдыларын ұштастырып, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, жас ұрпақтың ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлға болып қалыптасуына әсер ететін ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттау. 

Іс-шараға қатысушылар, ең алдымен «Түркі халықтарының зияткерлік ойындары» көрмесін тамашалады. Тек тамашалап қана қоймай, ойнап та көрді.

Жиынды ашып беру үшін алғы сөзді ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов бастады.

«Бұл конференция – түркі әлемінің бай мұрасын, соның ішінде ұлт руханияты мен парасатын ұштастыратын зияткерлік ойындарын жаңғыртуға, зерттеуге және кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды жиын. Зияткерлік ойындар – ұрпаққа білім мен тәрбиені қатар беретін терең мағыналы рухани құндылық! 

Бүгінгі таңда ұлттық ойындарды ғылыми негізде жүйелеу, оларды білім беру мен тәрбие үдерісіне енгізу уақыт талабына айналды. Осы ретте, конференция асындағы баяндамалар мен пікірталастар түркі халықтарының ортақ игілігін сақтап,  келешек ұрпаққа жеткізудің тиімді жолдарын ұсынады деп сенемін!»,-деді Арман Ташметов.

Келесі кезекте, Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу:

«Ұлттық зияткерлік ойындар – жай ғана ойын емес, түркі халықтарының ортақ мұрасы, дәстүрі. Ойлау қабілетін дамытатын заманауи алаң. Бұл ойындар жастарымыздың зияткерлік қабілетін дамытатын, сондай-ақ, ұлттық тамырымен байланысын тереңдететін рухани көпір.

Біздің университетімізде ұлттық зиятркерлік ойындарды дамыту мақсатында – 2022 жылы «Түркі халықтарының зияткерлік орталығы» ашылды. Орталықта оқу ордамызда оқитын студенттер мен қала жастары ұлттық зияткерлік ойындарды үйреніп жүр»,-деді.

Пленарлық отырыс шеберлік сабақтар мен көрмелерге ұласты. «Үшбас» спорттық асық ойынының дамуы, Ұлттық ойындар «Бес кеней» мен «Хан дойбасы» туралы баяндамаларды оқыды. Сондай-ақ, секциялық отырыстарда өзге де зияткерлік ойындар жайлы ақпараттар берілді.

Айта кетейік, ғылыми-практикалық конференция 16-сәуірге дейін жалғасады.